Жынды елестің шуағына малынып

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1470
Жынды елестің шуағына малынып,
Махаббатпен ауырып.
Ұшпай жатып қанатымнан қағылам,
Құшпай жатып сағынам.
Бос арманның әуеніне ұрынып,
Сезімі жоқ бейбақ күндер тұр ұлып.
Қашан, қайтіп ұмытып ем құдайды?!
Жүрек неге жылайды?
Көк мешітте жығылғанмен Аллалап,
Артым – теңіз, алға бассам – жарқабақ.
Бақытым деп құшаққа алдым зілдей мұң,
Қалай өмір сүрерімді білмеймін?!
Бейжай күндер өткеннің үлесінде,
Сенесің бе, сөзіме күлесің бе?
Ғашық болып өзіңе қашық болдым,
Қарашаның қап-қара түні есімде.
Жақыным ең, солайша алыстадың,
Арманы жоқ көңілден қалыс бағым.
Әйкел таққан әдемі ару едім,
Еркелікті ерлікпен жаныштадың.
Тағдырымды сен менің білген бе едің?
Арпалыссыз алаңсыз жүрген едім.
Сырластым да сәріде зәрем қалмай,
Мұңсыз күнді сонан соң сүрмегенім.
Сезім толды кеудеме сылқым үнді,
Содан бері ұмыттым күлкіні де.
Жүрегімнің төрінен орын бердім,
Қарашаның қап-қара бір түнінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жынды елестің шуағына малынып өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жынды елестің шуағына малынып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жынды елестің шуағына малынып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жынды елестің шуағына малынып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері