Күтемін келісіп көркім көп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1579
Күтемін келісіп көркім көп
Күнде.
Маған келер ең, еркің жоқ
Мүлде.
Хақым да жоқ менің сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме.
Сенсіз дүние қараң
Демен
Үзілді менімен араң
Неге?
Қайда ұшты сезімің нанымды,
Айтшы....
Қайғыны қайтем жанымды
Жеген.
Несіне сағынам солып,
Еріп.
Кетесің көрмеген болып,
Көріп,
Тіршілік тақпаққа нандың ба
Солай
Барамын алдыңда
Өліп.
Айтылмай сөзім қап
Тілде.
Құштарлық төзімді ап,
Бірде
Алайда хақым жоқ сүюге
Сені
Себебін болмайды білуге,
Білме!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күтемін келісіп көркім көп өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Күтемін келісіп көркім көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күтемін келісіп көркім көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күтемін келісіп көркім көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері