Өлең, жыр, ақындар

Кезігерміз екеуміз жолда қандай?

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1789
Кезігерміз екеуміз жолда қандай?
Тәңір өзі бұйырып, қолдағандай.
Жан-тәнімді жандырған қайран сезім,
Жоқ боларсың бір күні болмағандай.
Жұмбақтаста тығылған жарқабаққа,
Күндер көшіп кетерсің беймәлімге.
Түндер келіп азабы сарнап аққан,
Тауысар ма төзім мен кейде әлімді?
Жайғасарсың жанына жарыңыздың,
Жалғандағы жарқын жан нақ өзіңдей.
Ақын ару, мұңды жыр, бәрі – аңыздай,
Арман, үміт қалды ма бақ көзінде?
Сандырақтап сөз айтып мәнісі жоқ,
Отырарсың өткенді қайтара алмай?
Сезім өртеп күйдірген танысың көп,
Сыра ішерсің ештеңе айта да алмай.
Саябақта жүргенде сағыныштан
Өкінерсің, айыптап жынды күнді.
Қақың да жоқ озуға жазымыштан,
Менсіз солай жалғарсың тірлігіңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманымның асырардай шоқтығын

  • 0
  • 0

Арманымның асырардай шоқтығын,
Арып-ашып күн кешемін.
Далбаса.
Бұл өмірде ештеңем де жоқ, күнім,

Толық

Бақыт боп жарыта қоймадың

  • 0
  • 0

Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма?
Озар ма ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.

Толық

Жүрегімде жазулы тұр есімің

  • 0
  • 0

Жүрегімде жазулы тұр есімің,
Күнәм болса, Аллам берсін кешірім.
Сол жағада сені күтіп жүрмін мен,
Айтшы, жаным,

Толық