Сезімім жанарымда жағыла мың

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1340
Сезімім жанарымда жағыла мың
Бір жүрген сол күндерді сағынамын.
Көңілде қуаныштан мұңым басым,
Сен неге көрінбейсің, табынарым?
Жүректе өлең жанды оқылмаған,
Тілекпен кестем қалды тоқылмаған.
Күндерім күтуменен өтеді ме?
Арманның алтын шыңды етегінде.
Қырқада бір қыдырған күлкім қалды,
Сағыныш сартап болған ұйқымды алды.
Жыр – жансыз, жасқа малып жазғанменен,
Сен неге оралмайсың қаздарменен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімім жанарымда жағыла мың өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сезімім жанарымда жағыла мың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сезімім жанарымда жағыла мың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімім жанарымда жағыла мың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері