Гүл қала еді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1346
Гүл қала еді.
Атанды күзгі қала.
Сағынатын сазымен сізді ғана,
Менсінбейді бұл қала жырларымды
Әлі санап жүр ме екен бізді бала.
Көктем еді жайнаған Күз басынды.
Ызғарлы кеш арманым құз басында.
Бала кездей сыр айтам көк терекке
Мені күтіп тұрсаңыз сіз қасында.
Көк терекке жүгінем
Бала сынды.
Түсінбейді бұл қала қарасымды.
Сізді күтіп қаңғырам қара басым
Жастығымды өткізбей жарасымды.
Өлең өлмес десем де Жырым тәмам.
Орда бұзбай өртенген түрім жаман.
Сізге ғашық болғаным – бар айыбым,
Күнәсі көп қалада сырым аман.
Көкте құдай, жерде сіз, жырым, балам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл қала еді өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Гүл қала еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Гүл қала еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл қала еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері