Өкпелімін

Бұл бетте «Өкпелімін» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2375
Табиғатта тыныштық сезілмейді,
Күн шуағын көбірек төккенімен.
Жеңілтектеу қала көз тез ілмейді.
Оралмайсың сен неге? Өкпелімін.
Қозғалмайды аспанның ауыр басы,
Бұлттар ғана теңселіп ары-бері.
Ағаштарға самал жел бауыр басып,
Алатаудың қақсайды кәрі белі.
Қамыс құрақ қырларда қылымсиды,
Сұр сағымның сезімі тысыр етті.
Талақ етіп ғасырлық жырым сыйды,
Жер-Ана тұр жөн көріп қасіретті.
Балықтары азайып теңіздердің,
Аққу әнін салмайды айдынында.
Бірі ұқсамай біріне егіздердің,
Қуанышы ананың сайды мұңға.
Періште мен пенделер ерегесіп,
Тағдырды да талқылап сөккені мың.
Уақыттың ортасын кере кесіп,
Оралмайсың, сен неге? Өкпелімін


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпелімін өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Өкпелімін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпелімін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпелімін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері