Кештерде күткенім күлімдей – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Кештерде күткенім күлімдей» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Кештерде күткенім күлімдей,
Еш жерден таба алмай күнімде.
Түндерде сезгенім,
Кезгенім
Бәрі де қала ма білінбей?
Сағыныш селіне төзгенім,
Сүйгенің,
Сенгенім сөз бе еді?
Жүрекке дерт толды дауасыз,
Іңкәрлік жас болды көздегі.
Миымда мазасыз сыр толды,
Үйімде үмітім құртылды.
Құшағың жұмақтай аңсатты,
Ерінімде елестен жыр тұнды.
Арманым азаптан тілінді,
Ойда бал, у жеді тілімді.
Тойында қасыңда болмадым...
Бойымда кім басар дірілді?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері