Үміт – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Үміт» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1461
Жалғыз үміт жаһанмен жағаласып,
Бақытымды табармын кеш қалсам да.
Сүйген күлсін, махаббат мазаласын,
Өлең мені тастама ешқашанда.
Тағдыр мені таласын, тарықтырсын,
Маған салсын азапты бар жарақты.
Шырын шақтар шаһары жабық тұрсын.
Тек шабытым шарлай бер шартарапты.
Махаббатты жырлағын, сезімдерді,
Туған жерді, елімді, Отанымды.
Сәттерімді алданған кезімдегі,
Сәлем бермес сәлден соң қатарымды.
Сары күздің жанымды жаулағанын,
Келмей жатып үсінген көктемімді.
Жұлынған гүл жастығым аумағанын,
Мені сүйген, мен сүйген өткенімді.
Жырла сосын қас-қақпай күткенімді,
Сонда ұмытып он сегіз мың ғаламды.
Білте шамдай бір кезде біткенімді,
Қаңғырғаным мызғыған — мұң-қаламды.
Нақыл айтар нақақ жоқ, өлем жаттай,
Жарық емес, қоламта от көрінеді.
Өлгім келіп ұмтылам, қалай батпай,
Тәнім бетсіз, бүгінге беріледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері