Өлең, жыр, ақындар

Сен кеткелі

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2367
Құшағыңды сағынып жүрек кейде,
Шығып кетіп қалардай бұлқынады.
Шулы қала шуымен тірек кейде,
Ал тіршілік жұлқиды, жұлқынады.
Күздің кеші, күн батқан алмадайын,
Жұлдыздар көп жылтырап жібектейін.
Алыстағы армандар алмағайып,
Ағараңдар тесілген тілектейін.
Сезім суып, сенімдер сатқан сәтте,
Сүйіктімнің су татып сыбырлары,
Таудан биік тағаттар қатқан сәтте
Тамшы тамған тамырлар қыбырлады.
Тұмандардың жасырып жаңбыр жүзін,
Мөлдірлігін маңайға шашып әні,
Күндер, жылдар өтсе де тұңғыш қызын
Анам сынды отырған тосып әлі.
Тамылжыған таң нұры аймаласа,
Табиғаттың көрінер қылықтары.
Сен кеткелі тұмандар қайда барсам,
Күннің көзі жанымды жылытпады.
Аяулы жан! Мәңгілік салтында ма,
Сағынышпен жер-жаһан тыныстаған.
Мәңгі ауа мен ару Ай қалпында ма,
Қап-қара түн. Жұлдыздар. Тыныш маған.
Көше де үнсіз. Табылмай көңіл емі,
Келем жалғыз. Қайдасың? Күрсінемін.
Кеудемді ұрып әлдене егіледі,
Жүрек пе әлде, таппаған мұңшыл емін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сегіз аяқтың ізімен...

  • 0
  • 0

...Анадан алтау,
Атадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,

Толық

Өзіңсіз күндер

  • 0
  • 0

Сағыныш отта жансақ та, күнім,
Телміріп үнсіз түндерім шекер.
Бал шақтар менен алшақтап бүгін
Өзіңсіз өтті күндерім бекер.

Толық

Жаның

  • 0
  • 0

Жаның,
Армандарға тұнған
Тәнің
Құр қалмаған жырдан.

Толық

Басқа да жазбалар