Әлем тұтас, сен жүрсің – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Әлем тұтас, сен жүрсің» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1448
Елім бар ғой егілсем емізетін,
Жерім бар ғой жеңілсем, жеңгізетін.
Тіпті Алматы аспаны бар пендеге
Мөлдірліктің моншағын тең үзетін.
Далам бар ғой, симасам паналайтын,
Күн нұрын да таң сайын жаңалайтын.
Аппақ қар да әлемді құшақтайды.
Жел де ұятты, сый-қырды аралайтын.
Бұлттар ғана бір кетіп, бір келеді.
Сонда шыңдар шым батып, бүркенеді.
Тұман басып, табиғат тәнін жауып,
Зираттарға зарланған жыр келеді.
Көтертеді құс жолы білегіңді,
Айналаңнан табасың тірегіңді.
Әлем тұтас, сен жүрсін өзіңше боп,
Мені сүйген түсінбей жүрегіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлем тұтас, сен жүрсің өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Әлем тұтас, сен жүрсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлем тұтас, сен жүрсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлем тұтас, сен жүрсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері