Бұл бетте «Барақ соры» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Барақ бақыт іздемепті өзгеден,
Бірақ жікшіл жалғандыққа төзбеген.
Бақасқанын батылдықпен басып ап,
Бір-ақ жолды – шындық жолын көздеген.
Бірақ заман дегеніне көнбепті,
(Енді ол болмай, боламын ба мен кекті?!)
Көкіректі қарс айырған қайғыны
Көл боп аққан көз жасымен емдепті.
Бірақ оны бай ұқпады, ел ұқты,
«Пері де емес, жынды да емес желікті».
– Құдай мені жаратқан, – деп, – сорлы ғып, –
Содан батыр сорға түсіп өліпті.
Аңыз ғой бұл... өтірік пе, шын ба әлі,
Елдігімен, ерлігімен кім мәлім?!
...Сортаң сордан татып алсаң білесің
Қайғы-зардың ащылығын мұндағы...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі