Өлең, жыр, ақындар

Каспийге мұң

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1581
Кәрі Каспий өзіне қаратады,
Ішке бүгіп сіз жөнді айтар жайды.
Толқындарды үздіксіз жаратады,
Бірақ маған ол сізді қайтармайды.
Жаным, менің жазықсыз ауырады,
Жапа-жалғыз аралда қалғандай боп,
Дүниенің дүрмегі табылады
Бала толқын, қарт теңіз, армандай көк.
Үнсіз ғана мен жүрем, әлем шулап,
Ән салады орынсыз шағалалар.
Кеудемдегі тіршілік әрең тулап,
Кінәм да жоқ біреуге таға қалар.
Шағаланың тербетіп тылсым әні,
Көкке қарап дәметіп шапағаттан.
Ай сәулесі әл бермес, құрсын бәрі.
Өлсем осы өлейін махаббаттан.
Меңіреудей селт етпей, шындаса ой,
Бірде жылап, бір сөйлеп тас бейнемен.
Менің жазған жырымды тыңдаса ғой,
Жетісудың жігіті Каспийменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рахымды жаныңды сағындым

  • 0
  • 0

Рахымды жаныңды сағындым,
Тәңірім сабырды өлшеген.
Үмітім бәрібір жағылды,
Сан рет сарылып сөнсе де.

Толық

Алатауға сыр

  • 0
  • 0

Алатау қарайды бақсыдай,
Иығын, кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген істерім далбаса.

Толық

Жанымның жарасын ұғын

  • 0
  • 0

Жанымның жарасын ұғын,
Тәнімнің санасы мығым.
Мазалап, жазалап болсаң,
Кел-дағы алдыма жығыл.

Толық