Түңілу – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Түңілу» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Тағдыр жынын көтермес еркеңіздің
Үрлеп ішер, үрке жеп күйген бәрі.
Көк мешітте сөз берген көркем қыздың
Түнде үйіне қонбайды сүйген жары.
Сынық айна секілді түрі үміттің,
Аржағынан бұлдырап бірдеңелер.
Қайран әке ұлыңды жылы күттің
Рахатқа ұмтылып құр дәмегер.
Өтелмеген парызы ана алдында,
Күрсінбейді көп перзент көңілі тоқ.
Сәтті шақта жөн тауып жана алдың ба?
Бір ағайдың арақсыз өмірі жоқ.
Жол көрсетпес, баққа айдап бақсылар көп,
Салмақтылық сезілмей сай қалаға.
Жаманға ермей, үлгі алар жақсылар жоқ,
Безіп кеткім келеді айдалаға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түңілу өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Түңілу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түңілу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түңілу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері