Өзіңді тану — өзгені тану

Бұл бетте «Өзіңді тану — өзгені тану» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5705
Менің өзім қызық жанмын, қарағым.
Қалай тұрам?
Қашан қайда барамын?
Қалай ішем елдің берген сусынын?
Не сөйледім?
Кімге қалай қарадым?
Неліктен мен бола берем түзге алаң?
Неліктен мен бермей қалдым қызға мән?
Кімді қалай алдарқатам?
Алданам?
Қызығамын неге?
Нені қызғанам?
Ұртым солып,
Мұрным неге ұзарып,
Жүрем неге жазда жүдеп,
Күзде арып?
Кеттім неге ә дегенше сұрланып?
Кеттім неге ә дегенше қызарып?
Неліктен мен кей сәттерде баламын?
Жоғын неге жоқтай берем даланың?
Неліктен мен кейде жөнсіз жомартпын?
Кейде неге сараң бола қаламын?
Табу керек,
Табу керек бір емін.
Неге сонша өрекпіп тұр жүрегім?!
Әйтеуір мен байын баққан әйелдей
Өзімді өзім аңдимын да жүремін!
Ақыл кейде тәжірибе молдықтан.
Адаспайды адам жүрер жолды ұққан.
Мен өзімді қалт жібермей бағамын,
Өзгені де жақсы білем сондықтан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді тану — өзгені тану өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді тану — өзгені тану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді тану — өзгені тану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді тану — өзгені тану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері