Оралса екен көктемім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1615
Ұясынан шығып Күн,
Жерге қарап жымиып.
Бүршік жарар шыбықтың
Бұтақтары тұр иіп.
Аяз қалып ашулы,
Терезелер қыраусыз.
Жаңбыр білмей жасуды
Етті бәрін қылаусыз.
Жылу-нұрдан сескеніп,
Қар, мұз ери бастаған.
Қарлығаштар кеш келіп,
Қала тонын тастаған.
Көшелерге жан кіріп,
Көп қозғалыс сезілген.
Жайдары кеш маң күліп,
Рахатпен көз ілген.
Еленбейді жел де есер,
Көрінбейді көкте мұң.
Келмей-ақ қой келмесең,
Оралса екен көктемім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралса екен көктемім өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Оралса екен көктемім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Оралса екен көктемім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралса екен көктемім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері