Сәкен ақынға – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сәкен ақынға» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1241
Бірде мені дос етіп сайлап қалап,
Бірде аруға қол жетпес теңедіңіз.
Маңдайымнан иіскеп жайлап қана
«Кіп-кішкентай ақыным» деп едіңіз.
Сіз ақыным десеңіз алып-ұшып,
Шабытымнан шық бермес ақымды алмай.
Мінезі бар мұңымның халі пұшық,
Жыр жазамын кәдімгі ақындардай.
Қаланы қар басады, еріп кілең,
Қыс қысылды көнекөз жыртықтайын.
Өлеңімді сізге оқып беріп жүрем,
Мен Фариза болуға ынтықпайын.
Дала ұйқыда, төбеде байырғы аспан,
Жақсы жырмен ол дағы созатын бел.
Жылдар кетер желкенін қайырмастан,
Естеліктер сіз жайлы жазатын — мен.
Қайда жүрсіз? Сапарда, Астанада?
Әлде сезім елінде аты аңызды?
Өлең де емес, ән емес, дастан аға,
Ақын қызға дайында батаңызды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкен ақынға өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сәкен ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкен ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкен ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері