Қар жауып тұр – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Қар жауып тұр» атты Мұқағали Мақатаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр.
Үлгермей де қалдың-ау қамданып бір
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қарайды таңданып құр.
Қар жауып тұр,
Жауып тұр, қар жауып тұр.
Заңды ғой,
Заңды бәрі, талас бар ма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.
Қала жатыр оранып ақ тұманға,
(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да.)
Жығылған соң жалауы, жаз тығылды,
Қыс кіре алмас өмірі шахтыларға.
Қыт қытымыр.
Жайлы емес далаға онша.
(Малшыларға қиын-ау, дара қонса...)
Біледі өзі табиғат, қайтер едік,
Қыс ақ болмай, егерде қара болса?!


Пікірлер (12)

Жантай Маратұлы

Жаныма ең жақын өлең осы. Басқа поэзия бұның қасында түкке тұрмайды

Айғаным

Мұқағали мақатаевтің тақпақтары өлеңдері маған қатты ұнайды

Рамазан

Керемет өлеңдер маған қатты ұнады жаттап алатын өлеңдер екен

Асем

Кушти олен

Арнұр

Өте өте керемет маған өте қатты ұнайды

Арнұр

Өте өте керемет маған ұнады

Арнұр

Өте керемет
Маған қатты ұнады

Дариға

Пайдама жарады

Мимимимимими

Маған

Мимимимимими

Маған звандап и

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар жауып тұр өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қар жауып тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар жауып тұр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қар жауып тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері