Ауыздықтап тұра алсын арманды кім

Бұл бетте «Ауыздықтап тұра алсын арманды кім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 4
  • 16527
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз де өтерміз,
Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден-өзіміз үялмаймыз.


Пікірлер (4)

НК

Қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын.

тимур

мен аягозды жақсы коремин

Сандуғаш

Маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыздықтап тұра алсын арманды кім өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Ауыздықтап тұра алсын арманды кім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыздықтап тұра алсын арманды кім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыздықтап тұра алсын арманды кім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері