Көктемде

Бұл бетте «Көктемде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 575
Көптен күткен
Көктемім-ай!
Тыныстың кеңейіп,
Шуақтың молайып
Кеткенін-ай!
Нәп- нәзік көктемім
Келе сап
Өзен- көлдегі
Сіресіп жатқан
Көкпеңбек мұздарды
Сөгіп тастады.
Жота- қырларға
Аспанның
Жіңішке жіптерімен
Кестесін төгіп тастады.
Дүние жаңғырып
Сұлу бір әуенмен
Ән құрауын- ай.
Мына тірліктің
Жаңа босанған
Анадай балбырауын- ай!
Қылықты самалың
Жастық шағыңды
Есіңе түсіріп
Қытықтар бетіңді...
Аппақ боп гүлдеген
Алма бақтарың
Жерге кеп қонған
Мақтадай аппақ
Бұлттар секілді.
Қанатты құстардың
Қызып тұр жыр, әні.
Апыр-ай,
Сырлы жырым түгілі,
Мұңлы жырымның өзінен
Жаңбыр мен гүлдердің
Аңқып бұрқыраған
Иісі шығады.
Жалтылдаған
Алтын сәулелер
Шалшық суларды
Сүзгіден өткізіп
Тұнық етердей...
Басқаны былай қойғанда—
Көктемге шаттанған! –
Ескерткіштердің
Тік тұрғандары жүріп,
Отырғандары
Тұрып кетердей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктемде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері