Шүкір!

Бұл бетте «Шүкір!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 584
Аяғымның астында —
Алып жер.
Кеудемде — теңіз.
Ал басымда —
Будақ- будақ бұлт тұр.
... Сонан соң
Ақырын барып
Маңқиып жатқан
Алатауды сүйдім.
(Ежелден белгілі
Ғұрып бұл.)
Ымырт үйірілді.
Аспан әлемі
Оң жағыма
Айды ілуде.
Аққан жұлдыздар
Мені тесіп өтіп
Құрдымға сіңуде.
Аспанның
Алыс түкпірінен
Бетімді шарпыған
Жалын есті...
Табанымнан
Жерге тараған
Тамыр өсті.
Таң атты.
Айнала тып-тыныш.
Үнсіздіктің өзін
Керемет үнге баладым.
Сонан соң
Басыма киілген
Будақ- будақ бұлтты
Желкеме қарай
Сәл ысырып
Күнге қарадым.
Шүкір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шүкір! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шүкір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шүкір! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шүкір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері