Қара шыбын мен ара – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Қара шыбын мен ара» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2951
(1825 ж.)

Бақшада, көктемгі ескен самал желде
Отырып, қара шыбын бір көдеде,
Масайрап жайғасты да кезін салды,
Жабысқан бір араға қызыл гүлде.
Деді оған «Шаршамайсың қалайша сен,
Таң атып кеш батқанша күніменен
Ызылдап әуре боп жүрмес едім,
Егерде шынайында сен болсам мен.
Мінеки, жағдайымды алшы менің
Бір ұжмақ барған жердің бәрі тегін.
Жалғыз-ақ аралайтын аз шаруам бар.
Қоналқа, қыз ойнақтың бар жерлерін.
Көпіріп етпесем де мен мақтаныш
Бай, кедей қаладағы маған таныс.
Той тойлап жүргенімді көрер ме едің,
Еркіммен сол үйлерде салып жарыс.
Құдалық тойларында ауқатты үйдің
Онда мен, ең әуелі, тақуамын.
Сонан соң жайнап тұрған дәмдерді жеп,
Вино ішіп қонақтардан барып бұрын.
Ойлаған тәтті астарды аламын да,
Сыпайы сыңсып әнге саламын да.
Айналып жас сұлуды ұшып жүріп,
Дем алуға қонамын барамын да.
Қонамын қаны тамған ақша бетке,
Ақ қардай мойны мен тамағына».
«Бәрін білем, — деп ара жауап берді.
Былай деген естіп ем мен сөздерді
Жүрегі айнып бәрі де тыжырынып,
Тойларда тек жек көрген шыбын сені
Ұялтып ылғи сені үйден қуған», —
Дегенде шыбын тұрып сөйлеп жылдам:
«Терезенің бірінен қуса егер,
Кірем барып, — деді ол, — басқасынан».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара шыбын мен ара өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Қара шыбын мен ара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара шыбын мен ара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара шыбын мен ара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері