Бұл бетте «Қанатым қан-жоса боп» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңіздің толқыны ма ем,
Ей, көк жақ, төркінім ең!
Саған сөйледім, хал тілімен,
Қанатым қан-жоса боп, ұшып келем!
Өртімді түн бөліскен,
Шығам-, деп, Күн кеп, іштен!
Шешініп, дүние атты мың кебістен,
Қанатым қан-жоса боп, ұшып келем!
Гүлімді теріп алғам,
Шашымды көктемменен өріп алғам.
Жырымды ел аралатқан сері –жалған,
Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем!
Түнді атқан жасын ба едім,
Жарылмай, күні өтпеді, басым менің.
Жер тар-, деп, қара жерде көсілмедім,
Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем!
Мінезді жырым менің,
Бойында шырқыраған құлын демім.
Тербетіп, жұпар дала гүлді белін,
Қанаттарым қан-жоса боп, ұшып келем.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі