Ер жеткенде – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Ер жеткенде» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3272
Ер жеткенде есейіп,
Ер болмасқа немене!
Ерке өсіп, білімді
Кен болмасқа немене!
Өткір алмас болатқа
Тең - болмасқа немене!
Сары алтындай салмақты,
Сірә, саспас сабырлы,
Кең болмасқа немене!
Уралап айқай салғанда,
Алтын шашақ қызыл ту
Қолға алмасқа немене!
Жарқылдаған ақ семсер,
Аспаһанды, тарланды
Жолға алмасқа немене!
Қарсы келген жауыңды,
Қаһарыңмен үйіріп,
Торға алмасқа немене!
Айбатыңмен арбасып,
Айқасып жаумен қалғанда,
Қылпып тұрған қылышты
Сонда алмасқа немене!
Осы істерді істемей
Ер жеттім деген ерлердің,
Сөзіне кісі сенер ме?!

Сентябрь, 1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер жеткенде өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Ер жеткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер жеткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер жеткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері