Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?

Бұл бетте «Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1735
Туғанына 45 жыл толуына

Үн келеді
Барлық жақтан:
Үн тарайды
Барлық жаққа:
- Келді көктем!
Қара торғай!
Қош келдіңіз,
Қара торғай!
Нағыз тәуір, жақсы жерден,
Тоғайлардан көркем деген,
Мәуесінен салбыраған,
Бұтақтардан кең тараған
Даяр сізге алаң жай.
Тым кішкентай, сәнді құстар
Шабытпен үлкен кел бері!
Жеміңе сенің, даяр!
Дәндері,
Тағы шіркейі.
Теңіздерден,
Ормандардан
Оралып торғай жеткенше
Пионерлер өздері-ақ.
Қайынға беттед бірлесе
Трубаны
Тақап бірі —
Тұмсығына жеткізе,
Орналасып отырыпты
Бұтақтың нағыз өзіне.
- Тақ-тақ етсе
Кездесерде
Қарсы аларлық сөздермен —
Тұтығып бір —
Тоқтап қалып
Қанатсыз бос топшымен.
Трубасынан
Балалардың,
Гүрілдейді гүр-гүр, гүр,
Барабаннан,
Дауыс шығад,
Келісімсіз тентек бір.
Қиқулаған,
Айқайлаған,
Ызыңдаған,
Дүрілдеп.
- Қара торғай!
Қош келдің, — деп.
Барабан соқты гүрілдеп.
- Қара торғай!
Әуе қандай? Ну орманда
Жақсы жағдай.
Балалардың
Жайлады өзі.
Күтіп - күтіп шыдай алмай,
Бұтақтарда жүр өздері
Құсап нағыз қара торғай.
Тоғайлардың ығыменен
Қара торғай ұшады өктеп.
Тік айтуға тура келед,
- Сендерге енді орын жоқ, — деп.
Соғад көңілім,
Мына бір үн:
Дабыл қақсын
Басқа үндерден
Ұмытпа, жолдас!
Құс сыйлауды,
Пионерлер,
Шығарма естен!

«Октябрь балалары»
1939 ж. 20 июль № 53 (1133)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не? өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері