Медальді овчарка – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Медальді овчарка» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1603
Үлкендігі тайыншадай,
Бір аң тұр үлкен көрмеде
Сирағы бейне бағанадай
Неткен үлкен зор - дене.
Жолбарыс па жүректі,
Жауымен қайтпай алысқан.
Көрінгенмен керісіп
Шайнап, турап қарысқан,
Бойына күшін жинаған
Арыстан ба әлде айбатты,
Кекті жауын жайлаған,
Күш тәңірі қайратты.
Жоқ, аң емес, овчарка,
Бұл адамның шын досы,
Өтпек болған жауларды
Ұстаған қырғи тап осы.
Шекарада күзетте,
Бірге болған ерлермен,
Алтын медаль алған ол,
Көрдім оны көрмеден.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері