Қош, қос қыран! – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Қош, қос қыран!» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2218
Мұзбалақ, алтын топшы қос қыраным,
Айрылып қапылыста қайғыландым.
Булығып, жас жүрегім қапаланып,
Қазасы қажытады бауырлардың.
Сендер ең ардагерім, ақ иығым,
Меңгерген батырлар ең көктің сырын.
Советтік жаңа заман ұшқыштары,
Жас түлек, ақ сұңқарым, қырандарым.
Мезгілсіз қинайды өлім жасты жалын,
Бірге еді сендерменен менің жаным.
Жарыққа аттанғанда ертеңгі күн —
Полина, Анатолий болар әнім.
Қос қыран, қос геройым, қош болыңдар,
Жүректе сақталарсың миллион жылдар.
Тарихта шұғыла шашқан алтын нұрлы,
Жазылған өмірі өшпес аттарың бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош, қос қыран! өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Қош, қос қыран! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош, қос қыран! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош, қос қыран! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері