Атам жатыр мавзолейде – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Атам жатыр мавзолейде» атты Баубек Бұлқышев жазған ата туралы өлең берілген.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1177
Атам жатыр мавзолейде,
Мавзолейдің төрінде,
Мәңгі ұйқыда жатыр Ленин,
Нұрын сеуіп өмірге.
Жатыр атам — ұлы ұстазым,
Тау қыраны қырағы,
Кеудесінен шашып шұғыла,
Коммунизм шырағы.
Жатыр адам кемеңгері
Ұлы өмірдің тірегі.
Ленин! Ленин! Ленин! — дейді,
Соққан миллион жүрегі.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері