Май көркі

Бұл бетте «Май көркі» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1600
Май көркі сұлу сырға таққандайын,
Ән-күйге орман, тоғай батқандайын.
Күн нұры жер бетіне шашып шұғыла,
Көмкеріп ақ күміспен жапқандайын.
Шығыстың шымылдығы ысырылып,
Алтын таң нұрын шашып атқандайын.
Балбырап жасыл бүліс, көк өсімдік,
Құлпырған алтайымен мақпалдайын.
Жайдары осы майдың көрінісі
Қиялын жүрегімнің тапқандайын.
Майға ән сап, Әсеттейін әсемдетіп,
Жамбылша жыр бұлағын ақтарайын.
Елімнің көз салайын ой-қырына
Өмірдің көңіл қойып шын сырына.
Шат халық, бақытты елдің думан тойын
Желі ғып алтын арқау мен жырыма.
Майға біз әсем әнмен, үнмен келдік.
Жеңгендер съезімен, гүлмен келдік.
Жаңа салт, жаңа табыс, жаңа өндіріс
Жаңарған еткен майдан түрмен келдік.
Өмірдің ең шыңында тұрғанда елім
Ағылмай қалсын неге жырым менің.
Сондықтан тойға арнап төгілтейін
Шығарып дүкенімнен жырдың кенін.

Май 1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май көркі өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Май көркі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май көркі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май көркі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері