Жалғыздық және мен

Бұл бетте «Жалғыздық және мен» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1167
Сағыныш түсі, тағы да аздап таң суық,
Құлагердейін құлаштауыма қамшы көк.
Көздері жанған үкідей сенен қорқамын
Үзіліп түсер тамшы боп.
Көзге көргісіз түнекті сүйем сендегі
Ал сенің барың жалқылықтарға ем бе еді?
Құдайдың бәрін құдай ететін сиқырың
Адам еткен бе пендені!?
Ей, шерлі ғалам, қиянат жаса у ұсын
Мекендеп жүрсем жүректің жалғыз қуысын.
Адамзат білер ең ұлы гимн – жалғыздық.
Және де менің туысым.
Жаһанда саған табылмас сірә,күш теңдер
Түсім де емессің үш ұйықтағанда үш көрген.
Қосыла шырқап қайтам ба деп ем әніңді
Көшеде тағы ішкендер!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық және мен өлеңінің авторы кім?

Дина Бөкебай — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық және мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық және мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Бөкебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық және мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері