Даладай даладағы ән кең келеді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Даладай даладағы ән кең келеді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Даладай даладағы ән кең келеді,
Сезімнің қырат-белдер пернелері.
Толқиды іштен шыққан ырғақпенен
Жер-ана — алтын бесік тербеледі.
Жастанып жатыр төбе бір төбені,
(Не деген түз елігі үркек еді?)
Ақша бұлт аспандағы бірге ән салып,
Көзінен жерге қарай нұр төгеді.
Аспан – нұр, қиялға ән, сыр төгеді,
Енесін құлын болып бұлт емеді.
Әлдилеп ән әуені тербеткендей,
Жер деген алып ана – бір кемені.
Оятып Ақан сері, Біржан салды,
Тік тұрып жартас-құз бен шың қарсы алды.
Шашақты бөртпе шәлі жамылған күн
Күлімдеп жігітпенен бірге ән салды.
Сол сәтке дүние тұрды болып ғашық,
Сезімнің қыл пернесін тауып басып.
Құлаған тау басынан сайға қарай
Ақ бұлақ барады енді алып қашып.
Қалқиды ақ шағала бұлт адасқан,
Бұлттарға ілесе алмай үрке қашқан.
Шырқалған кең далада әнші даусын
Шек-шетсіз жұтып жатыр шырқау аспан.
Сұлулық өзді-өзімен сырласады,
Құшағын қайың түнде кімге ашады?
Елітіп әнші жігіт дауысына
Қосылып құстар көктен үн қосады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даладай даладағы ән кең келеді өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Даладай даладағы ән кең келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даладай даладағы ән кең келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даладай даладағы ән кең келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері