Уақыт озар, уақыттан кешікпеген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Уақыт озар, уақыттан кешікпеген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Уақыт озар, уақыттан кешікпеген,
Кешікпеген ғарышқа «көшіпті өлең».
Мен дүниеге келгеннен бері қарай,
Көздің жасын үн-түнсіз кешіп келем.
Бұлақтарым құраққа сыр ақтарды,
Кешім батты күтумен жұмақ таңды.
Табындырған бір кезгі тас құдайлар
Табанымның астына құлап қалды...
Күндес - өмір, құрысын күндес өлең,
Түтін салып жұртыңнан күл көсеген.
Жерде жан жоқ... ақ аспан сенен басқа,
Арызымды кімге айтам, кімге сенем?
Аспан мен жер, кім сені некелеткен?
Жете алмаспын жауабын жетелеп мен.
Қыбырлаған тіршілік, құмырсқамен –
Адамзаттың тәңірі бір-ақ тәңір.
Көз алдымнан өтеді күн кешегі,
Күнді ойласам... көңілім мұң кешеді.
Ақ қайыңның «жүрегі» жапырақпен,
Жапырағы жанымның үндеседі.
Сенім кеткен... сенейін кімге тағы,
«Мен келем» - деп ертеңім тіл қатады.
Көргенінен ұялып күні бойғы.
Көкжиекке қызарып Күн батады.
Аспан-жерге қарайсың қабақ түйіп,
Қасіреттен қалғандай қанат күйіп.
Есін енді жиғандай масаң ұрпақ –
Бабасының басына шарап құйып...
Қойма маған бүгінім, көп сұрақты,
Бабам түске еніп жүр ақсұр атты.
Арпалыспен армандап, мен алатын –
Жер бетінде ештеңе жоқ сияқты...
Өткен жастық, көктемім еліктеткен,
Мазалап жүр түсіме еніп көптен.
Мені тастап соңына қимастарым –
Жер бетіне қонақ боп келіп, кеткен.
Келіп, кеткен қайыңның жапырағы,
Бұрқыратып сезімді сапырады.
Талдың шаңын жуғанмен тамшы жаңбыр,
Жанның шаңын жуа алмай жатыр әлі...
Өмір-теңіз... толқынын тіліп кеме,
Дауыл сырын, жел үнін біліп келем.
Жер төінде жанбаған жыр жұлдызым,
Көк төсінен жанар деп үміттенем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері