Тамсанам мына өмірді жаңа танып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тамсанам мына өмірді жаңа танып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1172
Тамсанам мына өмірді жаңа танып,
Қиялым қанатты үннен қанат алып.
Кеткендей қас қағымдық көзіме бір
Жаңбырдың тамшысымен әуе тамып...
Қарайды өр кеудесін шыңдар керіп,
Табанын тұрғандықтан жылдар көміп.
Аппақ түн әнге айналып кетеді екен,
Суретін ай-жұлдыздар судан көріп...
Түйілген әнші көңілін жазар шабыт,
Ол да бір бәйге атындай озар шауып.
Тауымен, даласымен, бұлағымен
Тұрғандай табиғаттың өзі ән салып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамсанам мына өмірді жаңа танып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тамсанам мына өмірді жаңа танып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамсанам мына өмірді жаңа танып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамсанам мына өмірді жаңа танып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері