Күлдіреуіш – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Күлдіреуіш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 990
Қасиетті қазақтың шаңырағы,
Сан сырыңды, құпия, таныр әлі.
Талай ғасыр сарқылмай сені жырлап,
Саз сыйлайды қазақтың қоңыр әні.
Шаңырақсыз кісі ме қазақ деген,
Өз күпіңмен әрқашан азат денең.
Баба жолы — даңғылың, адаспасаң
Бақ таймайды басыңнан — қазақ, сенен.
Тіреу барда көтермес ауыр бар ма,
Бірлік барда жеңілмес жауың бар ма
Күлдіреуіш, бақанның арқасында
Шаңырағың қозғалмас дауылдарда.
Мені түсін бас алып тура қашпай,
Осы сезім нәрсіз бе сораң астай?
Бақандарды белдеуге қыстырады,
Барлық құны қоқайған қорағаштай.
Күлдіреуіш, шаңырақ құралдары,
Аттары жоқ, аты да сұралмады.
Онсыз апан аузындай шаңырақтың
Дүние боп қиын-ау тұра алмағы.
Аты барлар "мен", "мен" деп шіренеді,
Күлдіреуіш түндіктің тірегі еді.
Шаңырақты көтерсе шаңырақ қып,
Бақан да тек өзіне тіреледі.

21.06.1992.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлдіреуіш өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Күлдіреуіш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлдіреуіш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлдіреуіш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері