Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей» атты Сайын Назарбекұлы жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Зіл салмақтан барамын аласарып
Жырмен жылай бұл шерді тараталық.
Үлгере алмай жатыр ғой қыз, келіндер
Қайта-қайта басына қара салып.
Өксігіме кернеген өлім келмей,
Шал басыммен жылаймын кәдімгідей.
Қайда, қайда тездетіп кетіп жатсың,
Айналайын аналар, бәрің бірдей?
Еріп, жанып бар мүшем барады іште,
Сіздер айтқан қайда ақыл — "шала пішпе".
Боядың ғой келіннің басындағы
Өзің жапқан шарқатын қара түске.
Балалықпен, мүмкін-ау қинадық та
Өздеріңді пір тұтып сыйладық па?
Қадіріңді енді-енді сезген кезде
Бір өмірге, аналар, сыймадық па?!
Өтер, сірә, енді өмір сәні кірмей,
Көбірегін өткіздік мәнін білмей.
Ұл-қыздарың қатарға қосылғанда,
Қайда, қайда жол шектің бәрің бірдей?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері