Жан апа – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жан апа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 897
(Ләзиза Серғазинаға)

Тұтатып сағыныштың нұр шырағын,
Көрсем деп түні бойы тыншымадым.
Жан апа, мәңгі солмас гүліңмін мен,
Көңіліңнің саялаған күн шуағын.
Мен бір жан толасы жоқ, мазаланған,
Қарашы, сағат сайын озады арман.
Сүрінсем, сүйеп, демер қолтығымнан,
Жан апа, аумайсың-ау өз анамнан.
Жан апа, көңілімді өсір менің,
Тілегім бір өзіңнен осы менің.
Жүзіңнен жарты ғасыр сырын оқып,
Жыр етіп ақ қағазға көшіремін.
Қанат боп қанатыңа жалғанайын,
Өзіңше ойланайын, толғанайын.
Өзгеге көрінгенмен қара қыз боп,
Жан апа, мен өзіңнің толған айың.
Ақтарып ақ көңілден тасқынымды,
Көзіме мол шаттықтан жас тығылды.
Жетсе егер құдіретім, берсем деймін,
Қайтарып осы өлеңмен жастығыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан апа өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жан апа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан апа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан апа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері