«Правда» анам – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте ««Правда» анам» атты Баубек Бұлқышев жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2090
«Правда» анам,
Миллион балаң,
Соның бірі мен болам.
Оқи түсем,
Жігерленем,
Сонша білім мен табам.
Шалқып көкпен,
Өтіп күннен,
Марсқа арғы қол созам.
Сені оқысам,
Қуаттанам,
Бар өмірді мен шолам.
Тар кешуде,
Қиын кезде,
Арда ерлерге күш болған.
Сенің ана,
Жолың сара,
Алтын сөзді данышпан.
Тойың күні,
Өскен міне,
Жас бөбегің — мен балаң.
Саған арнап,
Лирикалар
Жас жүректен жыр жазам.
Тәрбиеңмен,
Сүтіңді емген,
Қажымайтын жас маман.
Сен өсірген,
Сен тербеткен
Ақын бұлбұл мен болам.

Май 1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Правда» анам өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

«Правда» анам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Правда» анам өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«Правда» анам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері