Орыншаға

Бұл бетте «Орыншаға» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 795
Ақтөбенің бір қызы бар аурушаң,
Шыдамы жоқ ондай болма ауырсаң.
Қазір ғана сап-сау болып тұрады,
Аяқасты ауру болып шығады.
Кейде әліне қарамайды, құтырады,
Кекірік атып кейде ауру боп отырады.
Ол шіркіннің бабын ешбір таба алмай,
Көкең бейбақ өлер болды-ау шошып-ақ.
Кино десе сүйретіліп қалмайды,
Тынық десең, мен саумын деп болмайды.
Би дегенде, тағы тұрар желпілдеп,
Ертесіне түсі қашып, оңбайды.
Ұйқысы бар қара дәуден кем емес,
Оны қинап жүрген жаның мен емес.
Кей күндері «оятпадың ерте» деп,
Тұрғаны сол жас балаша еркелеп.
О, жігіттер байқап андар әйелді;
Ақтөбенің қыздарында ерке көп.

1975 ж. Есентуки


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орыншаға өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Орыншаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орыншаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орыншаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері