Ағыл-тегіл төгілген ырыс бақты
Бұл бетте «Ағыл-тегіл төгілген ырыс бақты» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағыл-тегіл төгілген ырыс бақты
Мырза-тағдыр қолыма уыстатты.
Жапырақ-жаным менің табиғаттан
Егіздің сыңарындай туыс тапты.
Дүниені айнымас досым етті,
Кеудеме тірлік дәнін қосып екті.
Көзімде төңкерілді мөлдір аспан,
Мен үшін жаратқандай осы көкті.
Жанымның қызғалдағы гүл-гүл жарып,
Бағыма қонды таңнан бұлбұл барып.
Мен қалай жақсылыққа жақын жүрмен,
Табиғат танытқанда бір мырзалық!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі