Ажал биі – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ажал биі» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1420
О, сұмдық – ай, неткен жауыз, бұл бұзық,
Түн ішінде,тұтқындарды тұрғызып.
Қуып шықты, қарлы құйын боранда,
Айтақтата айдап итін үргізіп.
Әлсіз дене, қу сүйекті жұлқылап,
Ысқырады ызғарлы жел бұрқырап.
Аяз қысқан, бала – шаға ,әйелдер,
Мұз үстінде, омақаса жүр құлап.
Қай – қайда да жыртқыштығын қоймаған,
Елді тонап, олжаларға тоймаған.
Сұм фашистер, бейнет шеккен аштарға,
Залымдығын істеп жатыр ойлаған.
Қу сүйекке терілері ілінген,
Аш адамдар, үрейі ұшқан өлімнен.
Ентігеді бір сүрініп,бір жылап,
Тісін қайрап, қызыл етке көрінген.
Кім ұмытар сол күндердің азабын,
Естіледі құлағыңа азалы үн.
Келер ұрпақ,жүрегіңе сақтай біл,
Сен ұқсын деп,қаныммен жыр жазамын.
Сақ – сақ күліп ажал биі басталған,
Түрме толы селкілдеген аштардан.
Солар келіп,көз алдымда тұрады,
Көрсем жерден, үзім нанды тасталған..
Нағыз ұстаз қайғы менен қара нан,
Соны есіңнен шығара көрме жан балам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажал биі өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ажал биі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажал биі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажал биі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері