Әлди, әлди /2-нұсқа/

Бұл бетте «Әлди, әлди /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2217
Әлди, бөпем, әлди,
Шырын сөзім, әлди,
Екі сөзім, әлди,
Әлди, бөпем, әлди.
Саятайым, әлди,
Құлынтайым, әлди,
Әлди, бөпем, әлди.
Ерке балам, әлди,
Серке балам, әлди,
Әлди, бөпем, әлди.
Әлди, құлыным, әлди,
Ұйықта, жаным, әлди,
Әлди, бөпем, әлди!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері