Алаш ұраны – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Алаш ұраны» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6458
(Дүйсенбі Әріпұлына)

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.
Кең пейіл бауырмал халықпыз,
Тәңірдің нұрынан нәр алған.
Шыңдалып сұрапыл сан сында,
Із салған ғасырдан ғасырға.
Жалыны ертеңге ұласып,
Қол созған шыңдардан асуға.
Арманы ең асқақ халықпыз,
Жаралған жеңістер жасауға!
Елімнің бейбіт күн тілегі,
Ислам мәңгі өшпес тірегі.
Күн қыран көк туы астында,
Бөгелмей бөрідей ерлері,
Кектенсе от жаны алаулап,
Айналар жасынға көктегі.
Елдігі, ерлігі жыр аңыз,
Бабадан бұзылмай қалған із.
Қастерлеп өр даңқын жырлаумен,
Жаңғыртып жолдарын жалғаймыз.
Ақтауға үмітін,сенімін,
Анадан ер болып туғанбыз.
Қанында ойнаған өжеттік,
Қазақпыз, қазақ боп ержеттік.
Тәңірдің соғылған, таңбасын,
Ешкімде бұза алмас өзгертіп.
Ел үшін жасаймыз ерліктер,
Ар туын жоғары көтеріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаш ұраны өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Алаш ұраны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаш ұраны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаш ұраны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері