Бұл бетте «Намыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түкiрiп туған жерiме
өзiмдi кетсе табалап,
тигiзiп тiлiн тегiме
жармасса бiреу жағама —
қан тамырлармен жарысып
дененi сiлкiп сақылдап,
туады сонда намысым
найзағай болып шатырлап.
Шырқырап шықса тар кезде
намыстың сойқан кектi үнi
көтерер менi сол кезде
алапат күштiң екпiнi.
Кетедi бойда күш тасып
көресiң оны байқасаң.
Жолбарыстармен ұстасып,
арыстандармен айқасам.
Найзағай — намыс атылып
кетсе егер
(оны бiлем мен)
Көк темiрлердi қақ тiлiп,
жартасты сойып жiбергем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі