Жаналы әулие баба үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Жаналы әулие баба үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1765
О, ұрпағым, үмітті аппақ таңым,
Өн бойында ып-ыстық аққан қаным.
Сенде менің – Алаш деп ұрандаған
Ең әдемі әуезді асқақ әнім!
Үніменен тіл қатқан ғасырлардың,
Сенде ұрпақ өшпейтін асыл нәрім.
Намыс құлы-қанатты ерліктерді,
Тарту қылдық сол үшін асылдарым.
Іждєт қылып имандық намазына,
Бас иместен тағдырдың азабына,
Шексіз-шетсіз далаңды қорғай білдік,
Ұрпақ саған қалсын –деп, мол қазына.
Арпалыстық ел үшін қан ағылды,
Соңғы тыныс біткенше қырағы үнді.
Өшірместен аялап алып келдік
Тіл мен дінің – қос жарық шырағыңды.
Өн бойына сыйдырған Ай мен күнді,
Шежірелі ой шертер ойлы үнді.
Ғасырларға тамырын терең жайған,
Алып келдік өлең жыр байлығыңды.,
Осында ежелгі жыр сырлы аңыздар,
Жоғалтпас қайнар көзің айдыныңды.
Аунап ал топырағына Ақ Мешіттің,
Серпісін кеудеңдегі уайым мұңды.
Ата жол қасиетін ұмытпастан,
Қор болмас бабасының даңқын ұққан,
Осында туып өскен Бекет бабаң,
Өзімнен ақ бата алып жолға шыққан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаналы әулие баба үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаналы әулие баба үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаналы әулие баба үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаналы әулие баба үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері