Дияр ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Дияр ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1590
Раш әжең сені өсірген аялап,
Көз алдымда алтыншы ауыл сая бақ.
Маңдайыңнан сипау үшін,құлыным,
Барушы едім Жемнен өтіп жаяулап!
Бәрі,бәрі күні кеше сияқты,
Тәңір өзі ақындықты сыйлапты.
Бабалардың ерлігінен жыр өрген,
Ұмытайын қалай сендей тұяқты.
Өз – өзіңе сынмен қарап қашанда,
Қоғам қояр талаптарды қош алда.
Ой санаңды дамытумен ізденіп,
Нық қадаммен тайсалмастан бас алға.
Нәрлі болып өтсін десең өмірің,
Неге арналсаң соны істе,құлыным.
Өз жолыңмен жүре алмасаң тірлікте,
Еңбегің де бермес жеміс ғұмырын.
Жақсылармен болған бірге күн артық,
Әр нәрсеге қызықпа сен құмартып.
Асқар таулар басын имес алдыңда,
Кісіліктің кілтін алсаң жоғалтып.
Қанша дауыл соқса дағы үскірген,
Ақын балам,шығарма сен есіңнен.
Талабыңды қанат қылып ұшпасаң,
Шыға алмайсың нағыз көмбе үстінен.
Ізден,ізден талаптанып жасыңнан,
Ағынсыз су шіріп босқа сасыған.
Нар тәуекел ердің ісі қашанда,
Тәукелмен мұхитты кеш,жас ұлан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дияр ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Дияр ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дияр ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дияр ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері