Адамдар кейде жаман түс көреді – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Адамдар кейде жаман түс көреді» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1205
Адамдар кейде жаман түс көреді,
Дөңбекшіп ұйықтап жатып, тістенеді.
Қалғандай киіміне күйе жұғып,
Түсінен оянған соң сескенеді.

Адамдар кейде жақсы түс көреді,
Алтын тақ, баянды бақ түске енеді.
Қазына жиналғандай қамбасына,
Бармайды байыбына ештеңенің.
Мәз болып шыға қалса тау басына,
Сенеді болмаса да еш дерегі.

Түсіңнің белгілі ме сыры саған?
Күйзелсең, басу айтып, болыса алам.
Ойлама жаманатты, абыржыма,
Шығады, неден қорықсаң, жаның содан.
Сақтайтын кесапаттан сабыр ғана,
Түсін тек жақсылыққа жорыса адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері