Нан тауып жүр біреулер жұдырықтың күшімен –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Нан тауып жүр біреулер жұдырықтың күшімен» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нан тауып жүр біреулер жұдырықтың күшімен,
Күн көріп жүр біреулер аяғының ұшымен.
Біреу тілмен, біреулер баспен көрген күнкөріс,
Бейімделсе кәсіпке, айыбы жоқ, түсінем…
Арып-ашыр біреу жүр жұмыс таппай сенделіп,
Біреулер жүр тіленіп, жұрт алдында күнде өліп.
Несібені халыққа жатқан кім бар тең бөліп,
Біреулер жүр елді жеп, алдап-арбап, күн көріп.
Аяқасты болғанда тіл мен дәстүр, ар-намыс,
Ойын-күлкі, көп қызық – арамзаға алданыш.
Жұмыр жердің бетінде, жол шеті, жел өтінде
Жүріп жатыр арпалыс, қарбаласқан жанбағыс…
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі