Бұл бетте «Жақсымен де араластым» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсымен де араластым,
Жаманмен де жағаластым.
Алға ұмтылсам құлшынып кіл,
Қызыл-жасыл тіршіліктің
Қызығына шала маспын.
Жақсылармен бірге болып,
Жамандардан ірге бөліп,
Елім деген ерлерім де
Көл қорыған қызғыш құстай
Туған жерін жүр ме қорып?!
Ішіп жүрген арам асын,
Күйттегендер қара басын,
Жеткен жерін шамаласын,
Сыртына айбат көрсеткенше,
Іштің дертін тазаласын.
Оң жағымда – ниетім берік,
Сол жағымда – етім өліп,
Күншығысқа бетін беріп,
Қайран, уақыт!
Ауытқиды
Сағат тілі секілденіп…
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі