Жылқышылар жүрген жылқы қайырып – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жылқышылар жүрген жылқы қайырып» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1293
Жылқышылар жүрген жылқы қайырып
Жазық жерде есек те жүр жайылып.
Үйірінен қалды ма екен адасып,
Қыр астында кісінейді тай-үміт.

Жан біткендей тұрған жерге қаңырап,
Енесінен ажыраған қозы-лақ
Емшек іздеп, әрлі-берлі жүгіріп,
Азан-қазан қылады екен маңырап.

Жайлау осы – төрт түліктің мекені,
Күннің көзі қыздырады шекені.
Айдаладан киіз үйді көргенде,
Бал-қымызды ішкің келіп кетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері