Таудан биік – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Таудан биік» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 982
Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Сенсіз күндер, мәнсіз күндер-жай күн ғой,
Келе жатқан келбетің бір айбын ғой.
Талпынам деп таудан биік тұлғаңа,
Саған қарай құлашымды жайдым ғой!

Жұбата алмай кейде жаның қамықса,
Қанатым жоқ жете алмадым алысқа.
Көзім талса дәптерімді жабармын,
Сағыныштан қайтем жүрек талықса?

Ұмтыл дейсің егескенге берме есе,
Бір бәйгеден озып келдім мен кеше.
Қошаметтің ортасында мұңайдым:
Сағыныштан қайтем жаным шөлдесе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері