Өлең, жыр, ақындар

Алыстаған биік арман

Алыстаған биік арман,
Күтті ғой ғажаптарды алдан.
Чемпион болу бала қиял, жүзеге асып,
Жарыстарда тек алда болды бокстан.

Әттең, әттең, күрмеуге келмейтін,
Әттең тонның қысқасы –ай,дейтін.
Сананы билеп алған тіршілік,
Бар мен жоқ ешқашан шешілмейтін.

Жас балаға болды кедергі,
Өшті ғой соңғы үміті.
Ана ауру,әке табар мардымсыз,
Биік арман өзіңнен қол үзді.

Тыңдамай ешкімді барды да жарыстарға,
Төрешілер алданып шатасты ма?
Жете алмады жүлделі орындарға,
Бермеген соң батасын ата-ана да.

Ата –ананың тілегі болды мынау,
Уақыт өткізбей жұмыс жасау.
Қымбатшылық қысқан заманда,
Жанұяны керек болды асырау.

Таң қалады өзіне,
Иемдендім 1,2, орындарды кезінде.
Қалай бәрі ауысты,
Талай менен жеңілгендер, орынменен қауышты.

Мен жарысқа түсетін күні ,
Анам жылап хабарласады.
Таусылды продукты,-деп,
Қайтейін деп едің балам спортты.

Тренерге де талай айтты осы сөзді,
Ойлай ,ойлай, ол да шешті.
Алмасаң анаңның батасын,
Жеңіліспен әрқашан қайтасың,
Анаңды ренжітпей, риза қыл.
Өмір деген осылай жалғассын.

Сенімді ақтайтын бірісің жігіттердің,
Қолдан келсе көмектесерме едім?
Қысқа жіп күрмеуге келмейтін,
Жолдарын жапты ғой талай нар қасқа ерлердің.

Өзегімді өртеді осы жағдай,
Қандай қатыгез едің өмір-ай.
Алыстаған биік арман,
Дейміз –ау өмір жалған,
Әлі де сәттілік серік болып,
Күт жақсылықты алдан,
Деп мен айта алмадым,
Сонда да айттым әңгіме тарихта болған.

Еңбекпен жет жақсылыққа,
Жетер биігің әлі алда.
Әр істің артының қайыры бар,
Түспегің жаман жолға.

Еңбекпен жұлдызың жансын,
Адалдық тұмарың болсын.
Сұңқардай биік самға,
Таба қылма дос-дұшпанға.

Абыройлы ақ жүзді бол,
Таңда тек тура жол.
Ата-бабаң қолдасын,
Бақ пен дәулет болсын жолдасың.

Ағайынға бол сыйлы,
Болғың малды –басты.
Анаң келсін жүз жасқа,
Семья болсын ынтымақты.

Апа –атаң осылай батасын беретін,
Естіпте жүрсің талай батаның төресін.
Қолдаушың болсын бір Алла,
Жетсін балаң алыстаған биік Арманға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз